Экономика

5 айда қазақстандықтардың зейнетақы жинағы қанша табыс тапты

5 айдағы табыс инфляциядан аса алмады / Фото: Асқар Ахметуллин

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы негізгі қаражатты басқаратын Ұлттық банк жыл 2026 жылдың 5 айында 3% инвестициялық табыс алған. Ал активтердің бір бөлігін басқарып отырған жеке компаниялар бұдан да жоғары нәтиже көрсетті: олардың жыл басынан бергі кірістілігі 1,34%-дан 7,39%-ғадейін жетті.

Дегенмен мамандар зейнетақы активтерінің табысын бір-екі айлық қысқа мерзіммен өлшеуге болмайтынын ескертеді. Себебі нарықтағы бағалы қағаздар мен валюта бағамы күнде құбылып тұрады. Сондықтан нақты бағаны соңғы 12 ай сияқты ұзақ уақытқа қарап берген дұрыс. .

Ұлттық банк инвестициялық табысы 3 пайызды құрады

Еліміздегі зейнетақы ақшасының басым бөлігі – 26,4 трлн теңгесі Ұлттық банктің басқаруында. Бұл ақшаның шамамен 43%-ы (яғни 11,5 трлн теңгесі) Қазақстан Қаржы министірлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына салынған.

Ұлттық банк жыл басынан бері 795 млрд теңге инвестициялық табыс тапты. Осының арқасында салымшылардың шотына 3% көлемінде таза табыс түсті. Ал егер соңғы 12 айды (2025 жылдың маусымы мен 2026 жылдың мамыры аралығын) алатын болсақ, табыс 2,7 трлн теңгеге жетіп, жылдық кірістілік 11%-ды құрады.

Бұған қоса, Ұлттық банк жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған ақшаны да басқарады. Бұл бағыттағы активтер көлемі 1,09 трлн теңгеге жетті. Оның жыл басынан бергі табысы 58 млрд теңге (6% ), ал соңғы 12 айдағы таза кірістілігі 17%-ға (115 млрд теңге) жетті.

Halyk Finance

Жеке компаниялардың ішінде ең көп ақша сеніп тапсырылған ұйым – осы. Оның басқаруында 61,7 млрд теңге бар. Компания жыл басынан бері 2,9 млрд теңге табыс тауып, салымшыларға 5% кіріс әкелді. Ал соңғы 12 ай ішіндегі жылдық көрсеткіші 13%-ды көрсетті.

Alatau City Invest

Бұл компания жалпы көлемі 17 млрд еңге болатын зейнетақы активін дөңгелетіп отыр. 2026 жылдың басынан бері компания 848 млн теңге таза пайда тапқан, бұл – 5% кірістілік. Ал соңғы бір жылдың (12 айдың) қорытындысы бойынша кірістілік деңгейі жоғарылап, 15%-ға жеткен.

BCC Invest

«BCC Invest» басқаруында БЖЗҚ-ның 14 млрд теңгесі бар. Жыл басынан бергі инвестициядан түскен пайда – 652 млн теңге (кірістілігі 5%). Ал соңғы 12 айдағы көрсеткіші 12% болды.

Инвестициялық саясаттың сәтті болуына бағалы қағаздар мен кері РЕПО (қысқа мерзімді кепілді қарыз) операцияларынан түскен сыйақылар үлкен септігін тигізді.

«Сентрас Секьюритиз»

Бұл компания жеке басқарушылардың ішіндегі ең жоғары өсімді көрсетіп отыр. Оның басқаруында 9,3 млрд теңге зейнетақы активі бар. Қаржы құралдарының бағасын сәтті пайдаланудың арқасында жыл басынан бері 507 млн теңге табыс тауып, 7% кірістілік көрсетті. Ал соңғы 12 айдағы көрсеткіші 18% жылдық табыс әкелген.

Halyk Global Markets

Осы компанияның басқаруына салымшылар 7,2 млрд теңге ақшасын сеніп тапсырған. Жыл басынан бергі бес айда компания 354 млн теңге пайда тауып, 4% кірістілік деңгейін көрсетті. Ал соңғы 12 айлық мерзімдегі орташа кірістілігі 13% болды.

Tansar Capital

Бұл – зейнетақы нарығына жаңадан қосылған ең жас қатысушы. Компания БЖЗҚ активтерін басқаруға жақында ғана, яғни 2026 жылдың 8 сәуірінде кірісті. Әзірге олардың басқаруында 109 млн теңге ғана бар. Жұмысын бастағанына екі айға жетпесе де, компания 1 млн теңгеге жуық табыс тауып үлгерді, бұл – 1%-дан астам кірістілік деген сөз.

Басқарушы ұйымБасқарудағы актив көлеміЖыл басынан бергі кірістілік (%)Есептелген инвестициялық табыс
ҚР Ұлттық Банкі (Негізгі қор)26,4 трлн теңге3%795 млрд теңге
ҚР Ұлттық Банкі (ЖМЗЖ)1,09 трлн теңге6%58 млрд теңге
«Halyk Finance»61,7 млрд теңге5%2,9 млрд теңге
«Alatau City Invest»17,5 млрд теңге5%848 млн теңге
«BCC Invest»14, 07 млрд теңге5%652 млн теңге
«Сентрас Секьюритиз»9,3 млрд теңге7%507 млн теңге
«Halyk Global Markets»7,3 млрд теңге4%354 млн теңге
«Tansar Capital» (08.04.2026 бастап)109 млн теңге1%1 млн теңге

2026 жылдың 4 айында Ұлттық банк басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы нөлге тең болған.

5 маусымда зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өзгеріп, бірден 79 пайыздан екі есеге дейін өсті. Соған сәйкес, зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу үшін 20 жастағы жігіттің шотында кемі 6 млн 670 мың теңге жиналуы керек болса, 40 жастағы азаматтың зейнетақы жинағы 13 млн 370 мың теңге болуы шарт.