Алматыда бес ай ішінде ең көп жол апаты тіркелген аудан белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда бес ай ішінде ең көп жол апаты тіркелген аудан белгілі болды / Фото: Shutterstock

2026 жылдың басынан бері Алматыда 3 035 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 3 452 адам зардап шекті және тағы 73 адам қаза тапты. 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығындағы кезеңге арналған мұндай мәліметтер құқықтық статистика порталында жарияланды.

Бес ай ішінде жол апаттарынан 3 452 адам зардап шекті, тағы 73 адам қаза тапты / Фото: gis.kgp.kz

Бес ай ішінде ең көп апат Алмалы ауданында болды – 501 ЖКО. Екінші орында 473 оқиға тіркелген Алатау ауданы тұр. Үшінші орынды 456 жол апатымен Бостандық ауданы иеленді.

Бұдан кейін антирейтингте Әуезов ауданы – 429 ЖКО, Медеу – 369, Түрксіб – 337, Жетісу – 270 және Наурызбай ауданы – 200 ЖКО бол5ан.

Қаладағы барлық тіркелген апаттардың 60%-дан астамы төрт ауданға – Алмалы, Алатау, Бостандық және Әуезов аудандарына тиесілі.

Қаңтар-мамыр айларында Алматы жолдарындағы ЖКО салдарынан барлығы 3 452 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды, 73 адам қаза тапты. Бұл кезеңде қалада орта есеппен тәулігіне 20-ға жуық жол апаты орын алып, күн сайын олардан 22-ден астам адам жарақаттанған.

Алматы елдегі жол-көлік оқиғаларының саны ең көп өңірлердің бірі болып қала береді. Сарапшылардың мәліметінше, қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 12,3 мыңға жуық ЖКО тіркелген, бұл ретте шамамен әрбір төртінші апат оңтүстік астанада болған.

Айта кетейік, осыған дейін үш адам қайтыс болған әл-Фараби даңғылындағы апатқа кінәлі Александр Пак 10 жылға сотталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз