Бішкектегі мемлекеттік мекемелерге бомба қойылғаны туралы 15 хабарлама түскен

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Бішкектегі Мәдениет министрлігі / фото: Yandex

Бішкектегі құқық қорғау органдарына мемлекеттік мекемелерге бомба қойылғаны туралы 15 хабарлама келіп түскен. Бұл туралы дереккөзіне сілтеме жасаған Vesti.kg жазады.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің хабарлауынша, 22 маусымда «102» қызметі мен түрлі мекемелердің мекенжайларына мемлекеттік органдардың ғимараттарында жарылғыш заттар қойылды деген хабарламалар түскен.

Қазір шұғыл қызметтер бірқатар нысандардан, соның ішінде Жоғарғы Кеңеш, Қаржы министрлігі, «Манас» әуежайы, Мемлекеттік ипотекалық компания және басқа да мекемелерден қызметкерлерді эвакуациялап жатыр. Кейбір нысандар бойынша тексеріс жүргізіліп, ақпарат расталмады.

Оқиға орындарында жедел-тергеу топтары, милиция, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері және жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Ғимараттар мен оған іргелес аумақтар қоршауға алынды, кинологтар арнайы үйретілген иттермен бөлмелерді мұқият тексеріп жүр. Ресми құрылымдар азаматтарды сабыр сақтауға және үрейге бой алдырмауға шақырады.

Тағы да оқыңыз: 16 жыл бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған келіншек Қырғызстанда ұсталды

Сондай-ақ оқыңыз