Lifestyle

Димаш Құдайберген ұшақ айдап көпті таңғалдырды (видео)

Димаш Құдайберген ұшақ айдады / фото: видеодан скрин

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарын жаңа бейнебаянмен қуантты. Ол өзінің ресми аккаунтында ұшақ алдында отырып, қазақтың халық әні «Ақеркені» орындаған сәтінен үзінді жариялады.

Әнші жазбасына:

«Ұшақты қолға алып, Аспан әлеміне Ақеркені паш еттім. Баршаңызға қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Қазақтың халық әні көкте қалықтай берсін!», – деп жазды Димаш.

Димаш ән айтып қана қоймай, ұшақты өзі басқарды. Әлемдік сахналарды бағындырған әртіс бұл жолы халық әні «Ақеркені» жаңа қырынан танытып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеде бейнебаян түсіріп жатқан еді.