Еуропада 42 градус ыстық: Францияда үш адам қайтыс болды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Еуропада күн ыстық
Францияның Бордо өңірінде ыстықтаған бала / фото: REUTERS/Alice Sacco

Францияда аптап ыстық салдарынан үш адам қайтыс болды. Елде шамамен 2700 мектеп жабылуға тиіс, өйткені дүйсенбі күні оңтүстік-шығыстағы Бордода ауа температурасы 42 градустан асып кетеді.

Reuters мәліметінше, жергілікті метеорологиялық қызмет 49 өңірде аптап ыстық болатыны туралы ескерту жариялауды көздеп отыр.

«Бірнеше күн бойы өте қатты ыстық болады. Қашан салқындай бастайтынын білмей отырмыз», – деп мәлімдеген Франция денсаулық сақтау министрі Стефани Рист жергілікті телеарна эфирінде.

Бұл уақытта Бордо өңірінде 80-95 жас аралығындағы үш қарт кісі ыстық салдарынан қайтыс болды. Жергілікті шенеунік азалы хабарды France TV телеарнасына жексенбі күні айтқан.

Испания билігі де шара қолданып жатыр. Елдің солтүстігіндегі Сан-Себастьянда ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Мамандар күннің ысуы тарихи көрсеткіштен екі есе асып түскенін ескертіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бірнеше өңірінде осы аптада күн қатты ысиды. Ескертуді «Қазгидромет» жариялап отыр. Мәселен, Қызылорда облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз