Қандыағаштағы жаппай улану: мейрамханаға барған 102 адам ауруханаға түсті

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: Shutterstock

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында «Тұмар» мейрамханасына барған азаматтар арасында ішек инфекциясы тарады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасы мен облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына ішек инфекциясы белгілерімен 102 адам жатқызылды. Олардың 34-інде сальмонеллез жұқтыру ықтималдығы тіркелген.

Мұғалжар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауырғандардың барлығы қоғамдық тамақтану нысанында өткен іс-шараларға қатысқан. Яғни, бір мейрамханада отырып тамақтанған.

Денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға түскендердің жағдайы орташа деп хабарлады. Науқастар қажетті медициналық көмек алып жатыр.

Ауырған адамдардың барлығына қатысты Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шұғыл хабарлама жіберілді. Сондай-ақ бактериологиялық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық материалдар алынды.

Осыған дейін Алматы облысындағы танымал дәмханалардың бірінде 65 адам астан уланып қалғанын жазған едік. Қазіргі уақытта 36 науқас Алматы облысының үш ауруханасында жатыр. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды. 

Сондай-ақ оқыңыз