Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендер саны үш жылда 2,5 есе өсті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендер саны үш жылда 2,5 есе өсті / Фото: Shutterstock

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда жол көлік апаты салдарынан зардап шеккендердің саны 2,5 есе артты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның бас штаттан тыс травматологы Олжас Бекарысов мемлекеттік органда өткен отырыста апаттар санының 127,5%-ға өскенін атап өтті.

«Жол-көлік жарақаттануы сыртқы әсерлерден болатын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Соңғы үш жылда тіркелген ЖКО саны 15,8 мыңнан 36,1 мың жағдайға дейін өсті, ал зардап шеккендердің саны 19,5 мыңнан 49,2 мың адамға дейін артты», – деп баяндады ол.

Бекарысовтың айтуынша, соңғы 10 жылда жарақаттардан, уланулардан және жазатайым оқиғалардан болатын жалпы өлім-жітім көрсеткіші екі есеге жуық төмендеді – халықтың 100 мыңына шаққанда 82-ден 47,2 жағдайға дейін. Биыл І тоқсанның (қаңтар – мамыр) қорытындысы бойынша көрсеткіш 38,7-ні құрады. Қаза тапқандар саны 2543-тен 2330 адамға дейін азайды.

Кеңеске қатысушылар ауруханаға жеткізілгенге дейінгі өлім-жітімнің жоғары болуын талқылады. Оны төмендету үшін жедел жәрдемнің жету уақытын қысқарту, медициналық ұйымдардың дайындығын арттыру және тасжолдардағы шұғыл көмек инфрақұрылымын дамыту қажет.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда бес ай ішінде ең көп жол апаты тіркелген аудан белгілі болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз