Қазақстандық әйел Тайландта жол апатына ұшырады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстандық әйел Тайландта жол апатына ұшырады / Фото: полиция Тха Чатчай, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстан азаматы жолдағы бірқатар қауіпті маневрлерден кейін Пхукет аралында ұсталды, деп хабарлайды The Phuket News. Жергілікті полицияның мәліметінше, ол адам көп жүретін тасжолда жол жауып, кейін жол-көлік оқиғасына себепкер болған.

Оқиға Пхукет әуежайының ауданында болған. Көлік тізгіндеген 30 жастағы қазақстандық әйел жолды жауып, көлік жүргізушілерге кедергі келтірген. Кейінірек оның көлігі шағын автобуспен және мотоциклмен соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам зардап шекті.

Тәртіп бұзушы ұсталды

Апаттан кейін әйелді полиция бөлімшесіне жеткізді. Құқық қорғаушылар оқиға орнын тексеріп, қатысушылар мен куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ, дәлелдемелер жинады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тәртіп бұзушыға денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан қауіпті көлік жүргізу, сондай-ақ материалдық залал келтіру айыбы тағылуы мүмкін.

Әйелді ұстау сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Бұл бірінші жағдай емес

Пхукет полициясы хабарлағандай, апаттан екі күн бұрын бұл әйел осыған ұқсас жол оқиғасы үшін құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Ведомствоның мәліметінше, ол жеке өміріндегі мәселелерге байланысты ауыр эмоционалдық жағдайда болған болуы мүмкін.

Айта кететін жайт, Таиландта қазақстандық туристер отырған катер жарылып, өртеніп кеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз