Қатонқарағай паркінде бір үйір қабан фототұзаққа түсіп қалды (видео)

Қатонқарағай ұлттық паркі аумағына ортанылған фототұзаққа бір үйір қабан түсіп қалды. Мекеме ұжымы оны «ормандағы нағыз балабақша» деп сипаттады.
Ұлттық парк жариялаған видеода екі аналық қабан мен көптеген торай шалшық су маңына жиналғанын көруге болады.
«Бейнежазбаға қарасаңыз, орман ішіндегі нағыз балабақшаны көргендей боласыз: екі ана және айналасында асыр салып жүрген бір топ торай. Олар су жиналған лайлы шалшықтың маңында еркін жүр», – деп сипаттады ұлттық парк.
Мамандардың айтуынша, қабандар үшін мұндай лайлы шалшықтар дене қызуын реттеуге, ыстық күндері салқындауға және түрлі жәндіктерден қорғануға көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қатонқарағайда қоңыр аю, тауешкі, құны және қасқыр фототұзаққа түскен.
Жақында Алтын Емел ұлттық табиғи паркі аумағында дала қыранының екі ұясына фототұзақ орнатылған. Арнайы камера Қызыл кітапқа енген жыртқыш құсты зерттеу үшін қажет. Өйткені Қазақстан туындағы қыран кейінгі жылдары күрт азайып барады.