Құтқарушылар түнде тауда қалып қойған екі жасөспірімді құтқарды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Спасение велосипедиста
Фото: Shutterstock

Алматыда құтқарушылар тауға шығып кеткен екі жасөспірімді эвакуациялады. 17 және 18 жастағы жігіттер 4317 метр биіктіктегі Сәтбаев шыңына көтерілген, бірақ өздері түсе алмай қалады.

Күн батқаннан кейін де олар қайтпаған соң құтқарушылар іздеуге кіріседі.

Таулы аймақтың күрделі бедері мен қараңғы уақытқа қарамастан жасөспірімдерге жетіп, төменге түсірді. Құтқару операциясы 3 сағат 22 минутқа созылды. Кәмелетке толмағандар экобекетке аман-есен жеткізілді.

Құтқарушылар тауға шығатын кезде өз мүмкіндікті дұрыс бағалап, ауа райын ескеруге шақырады.

Тағы да оқыңыз: Мақсұт Жұмаев: Таудағы қауіпсіздік үшін білім мен инфрақұрылым қажет

Сондай-ақ оқыңыз