Lifestyle

Төреғали Төрәлінің әйелі қызының 11 жыл бойы өмір үшін күресіп келе жатқанын айтты

фото: instagram.com/tolkynturarbekkyzy, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
фото: instagram.com/tolkynturarbekkyzy, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Төреғали Төрәлінің әйелі Толқын қызы Кәусардың 11 жыл бойы өмір үшін күресіп келе жатқанын айтып, елді жылатты.

Әлеуметтік желіде Толқын қызының 11-ге толуына арнап, өлең жариялады. Онда 11 жыл бойы Төреғали Төрәлі екеуі қызының денсаулығы үшін күресіп келгенін айтқан.

«Кәусарымның 11 жасы құтты болсын! Анасының жүрегінен шыққан өлеңі. Құттықтаурыңызды қабылдаймыз» – деп жүрекжарды сөзін арнаған.

Тұңғышым – Жанымның сен шамшырағы,
Туылдың алты айыңда асық бәрі.
Өмірге келе сала ауыр дертпен
Отбасың күресуде міне әлі.

Ботам ау, жанымның сен шамшырағы,
Қытайдың елінде өтті 5 жыл тағы.
Дертіңнен айықтырам деп әкешің,
Дамылдамай келеді жаным әлі.

Құлыным 11 жылың күресумен,
Қанша ота қанша, көзден жас төгілген?
Тағдырға кейде жылап қынжыласың
Сұрағың – «қашан жүріп? қашан сөйлейм?»

Ботам ау, ата-әженің тұңғыш тәттісің – сен
Қайдан емі қонар деп әуреленген,
Жанарыңнан көретін тауқыметті
«Бізге бере салшы» деп дұға еткен!

Қасиетің бар сенде Алла берген,
Ғайыптың сырларынан ілім келген.
Сүйіншілеп келесің отбасыңды
Сенімен әрбір күнім – бақыт, білем

Құтты болсын, Кәусарым 11 жасың
Құттықтаймыз халқыңмен, дұға тілеп.
Денің сау, армандарың орындалып
Сүйінші сұрайықшы:
«Төрештің Кәусар қызы жүріпті» деп.

Өлең қазақстандықтарды қатты толқытты. Оқырмандардың бірі «Қандай керемет тілек!Алла Кәусар қызымызға Әлемді өз аяғымен басып жүріп, саяхаттап жүруін нәсіп етсін, бақытты ғұмырлы болсын!» – деп тілек қалдырған.

Айта кететін жайт, Төреғали Төрәлі мен жұбайы Толқын Тұрарбекқызы жетінші сәбиін өмірге әкелген еді.