Жыл басынан бері көтерме және бөлшек сауда көлемі артты

Қазақстанда жыл басынан бері көтерме және бөлшек сауданың жалпы көлемі 28,6 трлн теңгеден асып, ішкі нарықта тұрақты оң динамика қалыптасты.
Сауда саласының нақты көлем индексі өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 105,6%-ды құрап, экономикалық белсенділіктің артқанын көрсетті
Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 триллион теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% өсті.
Сонымен қатар бөлшек сауда бағытында да оң үрдіс жалғасып, жылдың алғашқы бес айында сауда көлемі 9 трлн теңгені құрады және нақты мәнде 3,6%-ға өсті.
Қазақстан бойынша сауда көлемінің басым бөлігі ірі қалалар мен өндірістік аймақтарға тиесілі болып отыр.
Жалпы айналымдағы үлес салмағы 34,5%-ды құраған Алматы қаласы бұл тізімде көш бастап тұр.
Одан кейінгі орындарға 13,9% үлеспен Астана қаласы және 11,5% үлеспен Атырау облысы жайғасқан.
Сондай-ақ сауданы алға сүйреген жетекші өңірлер қатарында Қарағанды облысы (6,1%) мен Шымкент қаласы (5%) бар.
2026 жылдың 4 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,9 пайызға өсіп, 45 млрд долларға жетті.