Әлем чемпионаты: 25 маусым шешуші 3-тур ойындары басталады

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңі мәресіне жақындап қалды. Маусымның 24-інен 25-іне қараған түні А, В және С топтарының үшінші тур матчтары өтіп, плей-оффқа шығатын келесі үміткерлер анықталады.
В тобы: алғашқы жеңіс үшін талас
25 маусым. 00:00.
- Босния және Герцеговина – Катар
- Швейцария – Канада
Босния және Герцеговина – Катар: Қос команда да алғашқы екі турда жеңіске жеткен жоқ. Қазір еншілерінде бір-бір ұпайдан бар. Осы оңтайлы сәтте өзара кездесуде кімнің бағы жанса, сол құрама мундиальдағы алғашқы жеңісін тойламақ.
Швейцария – Канада: Бұл жұптың жағдайы мүлдем бөлек. Қос ұжым да 4 ұпайдан жинап үлгерді. Кездесуде басым түскен команда өз тобында жеңімпаз атанып, плей-оффқа бірінші орынмен жолдама алады.
С тобы
25 маусым. 03:00.
- Марокко – Гаити
- Шотландия – Бразилия
Қазіргі уақытта бұл топта Бразилия мен Мароккода 4 ұпайдан, Шотландияда 3 ұпай бар, ал Гаити 0 ұпаймен соңғы орында тұр.
Гаити құрамасы плей-офф мүмкіндігінен айырылса да, турнирді әдемі аяқтау үшін барын салары анық. Дегенмен, Бразилияны басып озып, топтан бірінші орынмен шығуды көздеген Мароккоға қарсы тұру оңай болмайды.
А тобы: Мексиканың доминациясы және Чехияның үміті
25 маусым. 06:00.
- Чехия – Мексика
- ЮАР – Оңтүстік Корея
Чехия – Мексика: Екі ойында 6 ұпай еншілеген турнир қожайындары Мексика плей-оффқа мерзімінен бұрын шығып қойды. Бірақ олар өз жанкүйерлері алдында үшінші жеңісін рәсімдеуге тырысады. Ал қоржынында 1 ұпайы бар Чехияға келесі кезеңнен үміт үзбеу үшін тек қана жеңіс қажет.
Егер Чехия жеңіске жетсе, оларға ЮАР (1 ұпай) мен Оңтүстік Корея (3 ұпай) арасындағы ойынның тең аяқталғаны тиімді болмақ. Барлық ойынды «Qazsport» пен «Qazaqstan» телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду Өзбекстанға гол салып, рекорд орнатқан еді.