Бішкек Қазақстанға жер алмастыруды ұсынды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Көрші елдер жер алмастырды / фото: ЖИ көмегімен дайындалған, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қырғызстан билігі Қазақстанға жер алмастыруды ұсынып отыр. Бұл туралы қырғыз президентінің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов хабарлады.

Жер алмасу

«Бауырлас Қазақстан тарапына Тоқмақ қаласы ауданында 800 метрлік жер учаскесін теңдей алмастыру туралы ұсыныс жасалды», – деп жазды ол Facebook-тегі парағына.

Ресми мәлімет бойынша, осы жоба шамамен 150 шақырымдық ақылы автомагистраль салуға мүмкіндік береді. Жол Алматы көшесінен (Қырғызстан аумағында) Кемин қаласынан дейін созылады.

Алагөзов «осы мәселе саяси спекуляция құралына айналмауы керектігін» ескертті.

Әзірге ресми Астана Бішкек ұсынысына қалай жауап бергені белгісіз.

Мәліметтерге қарағанда, қазір Бішкек қаласынан Ыстықкөлге қарай бара жатқан көліктер Тоқмақ қаласы маңында 800 метрдей Қазақстан аумағымен өтуге мәжбүр. Жолдың осы тұсында бақылау-өткізу пункті жоқ, бірақ жолдың екі жағы тікенек сыммен қоршалған.

Бішкек пен Ташкент жер алмастырды

Бұған қоса, Алагөзов Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны демаркациялау барысы қалай жүріп жатқаны туралы мәлімет берді. Шенеунік бұған дейін Өзбекстан құрамында болған екі ауыл тұрғындарымен бірге (шамамен 2500 адам) Қырғызстан құрамына кіргенін хабарлады.

Қырғызстан картасы
Қырғызстан мен Өзбекстан жер алмастырды / фото: Facebook/Askat Alagozov

Чоңгара және Таш-Төпе ауылдарында негізінен этникалық қырғыздар тұрады. Енді осы ауылдарда азаматтарды тіркеуге алу жұмыстары жүргізіледі. Оларға Қырғыз Республикасының азаматтығы беріледі.

Сонымен бірге, Алагөзов мәліметінше, екі ел Сай ауылынан Таяун ауылына дейін автожол салу мақсатында 236 гектар жер учаскесін алмастырған.

Сондай-ақ оқыңыз