СҚО-да ұлы зейнеткер әкесін балағаттап, ұрып-соғып, телефонға түсірген

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

СҚО-да зейнеткер әкесін балағаттап, ұрып-соғып, телефонға түсірген ұлға сот үкімі шықты.  

tv7.kz ақпаратына қарағанда, оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылында болған.

22 жастағы жігіттің қорғансыз қарт адамға балағат сөздер айтып, айқайлап, ұрып жатқаны бейнелеген  жаға ұстатарлық видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл әрекеттерін ол өзі телефонға түсіріп тұрған.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері дереу бейнежазбадағы ер адамның жеке басын анықтады. Оның зейнеткердің туған ұлы екені белгілі болды.

Жәбірленуші өзіне қол көтерген ұлын кешіріп, сот-медициналық сараптамадан өтуден үзілді-кесілді бас тартқан. Сондай-ақ ол полицияға арыз жазбаған.

Бұған қарамастан құқық қорғау органдары іс қозғап, материалдарды сотқа жолдады. Сот жас жігітті кінәлі деп таныды.

Алайда оған өте жеңіл жаза – небәрі 5 тәулікке қамауға алу жазасы берілді.

Айта кететін жайт, Түркістан облысында да осындай сұмдық оқиға болды. Қарт әкесін ұрып-соққан тұрғынның жазасы ауырлады.

Сондай-ақ оқыңыз