Шілде айында Қазақстанның 9 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
«Қазгидромет» шілдеде құрғақшылық қаупі бар тоғыз өңірді атады / Фото: shutterstock

«Қазгидромет» мамандары шілдеде құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады. Синоптиктердің болжамынша, шілде айында еліміздің бірнеше өңірінде орташа құрғақшылық күтіледі.

Атап айтқанда:

  • Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты және Май аудандарында;
  • Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;
  • Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында, сондай-ақ Шемонаиха және Өскемен қалаларының маңында;
  • Абай облысының Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аудандарында және Жаңа Семей ауданында;
  • Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
  • Жетісу облысының Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;
  • Жамбыл облысының Қордай, Т. Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;
  • Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;
  • Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Ал кейбір аймақта ылғалдылық деңгейі қалыпты болады деп болжанып отыр:

  • Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында.

Айта кетейік 24 маусымда Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында ыстық ауа райы сақталады. Елдің басым бөлігінде көшпелі бұлт жүреді.

Сондай-ақ оқыңыз