
«Қазгидромет» мамандары шілдеде құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады. Синоптиктердің болжамынша, шілде айында еліміздің бірнеше өңірінде орташа құрғақшылық күтіледі.
Атап айтқанда:
- Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты және Май аудандарында;
- Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;
- Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында, сондай-ақ Шемонаиха және Өскемен қалаларының маңында;
- Абай облысының Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аудандарында және Жаңа Семей ауданында;
- Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
- Жетісу облысының Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;
- Жамбыл облысының Қордай, Т. Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;
- Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;
- Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Ал кейбір аймақта ылғалдылық деңгейі қалыпты болады деп болжанып отыр:
- Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында;
- Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында.
Айта кетейік 24 маусымда Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында ыстық ауа райы сақталады. Елдің басым бөлігінде көшпелі бұлт жүреді.