Әлем чемпионаты: В тобынан Швейцария мен Канада плей-офф кезеңіне өтті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
футбол, чемпионат мира, Швейцария, Канада
FIFA World Cup 2026 – Group B – Switzerland v Canada REUTERS/Lee Smith

Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші тур ойындары бастау алды. В тобындағы тартысты кездесулер жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Швейцария Канаданы тізе бүктірді

Топтың орталық кездесуінде Швейцария мен Канада құрамалары бірінші орын үшін таласты. Алғашқы тайм қос команданың сақ ойнауымен ерекшеленіп, есеп ашылмады (0-0).

Алайда екінші тайм бастала сала 46-минутта Й. Манзамбидің пасынан кейін Р. Варгас Швейцарияны алға шығарды (1-0).

Көп ұзамай, 57-минутта Б. Эмболоның берген пасын сәтті пайдаланған Й. Манзамби есепті еселей түсті (2-0).

Канадалықтар сапынан 76-минутта П. Дэвид (Н. Салибаның пасынан) бір гол жауап қайтарғанымен, бұл ойын тағдырын өзгертуге жеткіліксіз болды. Қорытынды есеп – 2:1, Швейцария маңызды жеңісіне жетіп. Топтан бірінші орынмен шықты.

Босния және Герцеговина Катардан басым түсті

Топтағы екінші кездесуде Босния және Герцеговина құрамасы Катарды 3:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Ойынның 29-минутында К. Алайбегович есеп ашса, 34-минутта Катар ойыншысы М. Абунада өз қақпасына гол (автогол) соғып алып, босниялықтардың басымдығын арттырды.

Бірінші таймның соңына қарай (42-минутта) Катар сапынан Х. Ал-Хайдос есеп айырмасын қысқартты (2-1).

Алайда, екінші таймның 80-минутында Махмич мергендік танытып, матчтың нүктесін қойды.

«В» тобының қорытынды кестесі

3-турдың ойындарынан кейін «В» тобындағы орындар келесідей бөлінді:

1. Швейцария – 3 ойыннан 7 ұпай жинап (доп айырмасы 7:3), топта бірінші орынмен плей-офф (1/16) кезеңіне жолдама алды.

2. Канада – 4 ұпаймен (доп айырмасы 8:3) екінші орыннан келесі кезеңге өтті.

3. Босния және Герцеговина – 4 ұпай жинағанымен, доп айырмасының төмендігінен (5:6) үшінші орынға тұрақтады. Енді олар үшінші орындағы командалардың рейтингі бойынша келесі кезеңге өту мүмкіндігін күтеді.

4. Катар – 1 ұпаймен топ соңында қалып, жарысты аяқтады.

Командалардың ұпайлары тең болған жағдайда, орындар жеке кездесулер мен қосымша көрсеткіштерге байланысты анықталды.

Айта кетейік, алдағы ойында Өзбекстан құрамасы да жеңіске жететін болса, Босния сияқты үшінші орыннан шығу мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ оқыңыз