Lifestyle

Айқын Төлепберген неге шашын алмай жүргенін түсіндірді

Фото: instagram.com/aikyn бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
Фото: instagram.com/aikyn бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Айқын Төлепберген неге шашын алмай жүргенін түсіндірді. Оның айтуынша, шаш қою үлгісін өзгерту үшін әдейі өсіріп жатыр.

Десе де, Айқынның шашының өсіп кеткені оқырмандарына ұнамаған. Олар әншіге шашын реттеу керектігін ескерткен.

Айқын Төлепберген әлеуметтік желі арқылы бұл сынға жауап берді.

«Біреулер шашымды көріп, «шашыңды алмайсың ба» дейді. Шаш деген біздің жасымызда – байлық. Біреуде бар, біреуде жоқ нәрсе. Бар нәрсені көрсету керек», – деді әнші.

Айтуынша, ол қазір шашын өсіріп жүр. Өйткені ұзын әрі қалың етіп, шаш қоюдың сәнді үлгісін жасатпақ.

Десе де, артынша көпшіліктің пікірін ескеріп, шашының самай тұсын аздап қысқартып келгенін көрсетті.

«Сендер «шаш ал, шаш ал» деп қоймайсыңдар. Жан-жағын қысқарттым», – деп күлді Айқын Төлепберген.   

Айта кететін жайт, әнші жан жары – Жұлдыз Өмірғалиді туған күнінде ерекше тосын сый жасап, құттықтаған еді.