Алматы әуежайы 670 млн доллар қарыз алмақ

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
аэропорт Алматы
Алматы әуежайы қарыз алады / Фото: Алматы әуежайы

Алматы халықаралық әуежайы 670 млн долларға дейін несие алуды жоспарлап отыр.  Bloomberg агенттігінің жазуынша қаржының басым бөлігі бұрынғы қаржы жабу мен жөндеуге жұмсалады.

Бұл қомақты қаражаттың 478 млн доллары бұрынғы несиелерді тиімді шарттармен қайта қаржыландыруға, 172 млн доллары әуежайды кеңейту мен жаңа құрылыс жұмыстарына, ал 20 млн доллары ағымдағы шұғыл шығындарды жабатын қосымша несие желісіне бағытталады

Bank of America несиені 7 жылдық мерзіммен ұйымдастыруды қолға алған. Қазіргі уақытта әуежайдың 85% акциясы түріктің танымал TAV Havalimanlari Holding компаниясына, ал 15%-ы Қазақстанның инфрақұрылымдық қорына тиесілі.

Жаңа жоба аясында үш ұшу-қону жолағынан тұратын жаңа жүйе жасалып, қазіргі негізгі ұшу жолағы толығымен қайта жөнделеді, сондай-ақ жолаушыларға арналған инфрақұрылым барынша заманауи әрі жайлы болады.

Әуежай басшылығы осы жұмыстар арқылы 2050 жылға қарай жылына 55 миллион жолаушыға қызмет көрсетуді көздеп отыр, бұл қазіргі көрсеткішпен салыстырғанда 358%-ға көп.

Бұған дейін әуежай 6,8 млрд теңге дивидендті заңсыз төлегені анықталған.

Сондай-ақ оқыңыз