АҚШ-та қайтыс болған Әсет Құралбайдың мәйіті елге жеткізілді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
АҚШ-та қайтыс болған Әсет Қаралбайдің мәйіті елге жеткізілді
АҚШ-та қайтыс болған азаматтың мәйіті елге жеткізілді / Фото: threads/bostonglobe2

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев АҚШ-та қайтыс болған Қазақстан азаматының мәйіті елге жеткізілгенін айтты.

«25 маусымда Әсет Құралбайдың мәйіті Қазақстанға жеткізілді. Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз барлық қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсетті, сондай-ақ марқұмның денесін жақындарына жеткізуге барынша қолғабыс етті», – деді ол брифингте.

Оқиғаның мән-жайы

Шамамен 3 апта бұрын АҚШ-тың  Иллинойс штатында 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбай жоғалып кеткен. Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растаған.

Туыстарының айтуынша, Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны қолжетімсіз болып қалған. Екі аптадан кейін АҚШ-тағы Иллинойс штатында Әсет Құралбайдың мәйіті табылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз