Енді ауылдардағы жолдар қиыршық тастан салынады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Елде автомобиль жолдарын жөндеудің жаңа тәсілі енгізілді/фото: көлік министрлігі

Елде автомобиль жолдарын жөндеудің жаңа тәсілі енгізілді. Көлік министрлігінің хабарлауынша, көлік көп жүрмейтін жолдарды жөндеуге енді асфальтбетон орнына қиыршық тас қолданылады.

Өзгеріс шағын елді мекендердегі жолдарға қатысты болып отыр.

«Елді мекендерде күн сайын 200-ге жуық көлік қатынайды. Бұл жерлерге қымбат тұратын асфальтбетон төсеу экономикалық тұрғыдан негізсіз. Кей ауылдардағы көлік саны күрделі конструкцияларды қолдануды талап етпейді», – делінген ақпаратта.

Ал жаңа нормалар жолдың техникалық санатын өзгертпей, қиыршық тас, топырақты нығайту технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Бұған дейін елдегі республикалық маңызы бар жолдардың бойына заманауи эко-сервис станциялары салынатыны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз