Ербаян Мұхтардың жаназасы ертең шығарылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Ербаян Мұхтардың ауруханада жүрегі тоқтап қалды / Фото: kursiv.media коллажы

Ауруханада қайтыс болған Ербаян Мұхтардың жаназасы Астанадағы Шейх Кунта қажы мешітінен шығарылады.

  • Жаназа уақыты: 26 маусым сағат 10:00.
  • Мекенжайы: Мұса Жәлел көшесі, 93.

Ал қонақасы Серкебаев көшесі, 11 мекенжайында орналасқан «Гаухартас» банкет залында беріледі.

Қонақасы уақыты: 25 маусым, сағат 19:00.

Жаназадан кейін сағат 11:00-де Карбышев көшесі, 50 мекенжайында ас беріледі.

Ұлттық ұланның әскери бөлімінда жарақат алып, бірнеше жыл ауыр жағдайда ауруханада жатқан Ербаян Мұхтар 24 маусымда қайтыс болды.

Ербаян Мұхтардың оқиғасы

Ербаян Мұхтар Алматы қаласындағы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет өткерген. 2023 жылдың желтоқсанында ол ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түскен.

Әскери бөлім басшылығы сарбаздың туыстарына Ербаянның «дәретханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын» айтқан. Алайда ауруханаға түскен кезде дәрігерлер оған мидың ауыр жарақаты, жедел субдуралды гематома, шүйде сүйегінің сынуы және өзге де ауыр жарақаттар диагнозын қойған. Ербаян бірнеше операцияны бастан өткеріп, сал болып қалған.

Сондай-ақ оқыңыз