Қазақстанда тұрмысы нашар 1 миллионға жуық адам бар: олар қалай өмір сүріп жүр

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстанда тұрмысы нашар 1 миллионға жуық адам бар: олар қалай өмір сүріп жүр
Қазақстанда тұрмысы нашар 1 миллионға жуық адам тұрады / Фото: shutterstock

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев Сенат кулуарында Қазақстанда 1 миллионның шеңберінде тұрмысы нашар ададар тұратынын айтты.

Журналситер вице-министрден елдегі кедей адамдардың санына байланысты соңғы статистиканы айтып беруін сұрады.

«Қазақстанда тұрмысы төмен 1 миллионға жуық адам бар. Бірақ бұл олар нан таба алмай, аштан өліп жатыр деген сөз емес», – деді ол.

Айтуынша, кейбір жұмыс берушілер әлеуметтік аударымдарды төлемеу үшін жалақыны қолма-қол береді. Немесе қызметкерлердің өзі есепшоты бұғатталғандықтан, ақшаны қолма-қол беруді сұрайды.

«Келесі жылы Парламентке кіреміз. Барлық жұмыс берушілерден қызметкерлердің айлығы мен штаттық кестесін көрсетуді талап ететін боламыз. Сол кезде ғана нағыз статистиканы көре аламыз», – деді Е.Тұяқбаев.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл елдегі қымбатшылық салдарынан халықтың тұрмысы нашарламас үшін жалақы көтерілуге тиіс к

Сондай-ақ оқыңыз