Ташкентте жүрген Бибісара Асаубаева жүздеген өзбек жанкүйерімен кездеседі

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Бибісара Асаубаева Өзбекстанда жүр
Әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева өзбек футболшыларына жақтасты / фото: Telegram/Bibisarachess, видеодан скриншот ЖИ көмегімен өңделген

Бибісара Асаубаева үш күннен бері Ташкентте жүр. Футболдан әлем біріншілігінде Өзбекстан құрамасына жақтасқан қазақ шахматшысы енді өзбек жанкүйерлерімен кездесуді ойластыра бастады.

Синдаров еліне сапар

Жақында Гонконгтағы шахмат командалары арасындағы әлем чемпионатына қатысқан Бибісара Асаубаева 22 маусымда кешке Шанхай арқылы Өзбекстан астанасына ұшып келді. Оны әуежайда Мия Муратта лақап атымен танымал өзбек блогері әрі кәсіпкері Ясмина Ибрагимова үлкен гүл шоғымен күтіп алды.

Шахматшы Бибісара Асаубаева Ташкент әуежайында
Бибісара Асаубаеваны Ташкент әуежайында гүлмен күтіп алды / фото: Telegram/MiyaMurattaa

«Сегіз ай көрмеген адамымды күтіп алуға шықтым. Бізді Ташкенттегі сауық-сайран күтіп тұр», – деген Мия Муратта Telegram-арнасында.

Girls Trip және Fan Meet

Ертесіне-ақ құрбы қыздар Ташкенттегі сауда орындарын, дәмханаларын аралады. Ал кешкісін Өзбекстан – Португалия футбол матчын бірге тамашалады. Өзбек гроссмейстері Жавохир Синдаровпен романтикалық қарым-қатынастағы Бибісара бетіне өзбек туын салып, футболшыларына жанкүйер болды.

«Жазда Ташкентте қатты ыстық екеніне қарамастан, Girls Trip үшін бірнеше күнге осында келгеніме қуаныштымын. Алда бізді талай басқосулар күтіп тұр. Айтқандай, ертең біз футбол тамашалаймыз. Жігіттеріміз ойынды сол жерден көру үшін АҚШ-қа кетті», – деп жазды Асаубаева.

Шынында да, Синдаров Гонконгтегі жарыс аяқтала салысымен Құрама Штаттарға, ал Бибісара оның Отанына аттанған.

Дегенмен қасында ең жақын адамы жоқтығына қарамастан, Асаубаеваның Ташкенттегі күндері қызықты өтіп жатыр. Мәселен, қазақ шахматшысы енді өзбек жанкүйерлерімен шағын кездесу ұйымдастыруды көздейді. Оның телеграм-арнасындағы сауалнама анықтағандай, қазірдің өзінде Бибісараны өзбек елінде 800-ден астам адам көруге құштар.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Асаубаева айлығын 300 мың теңгеге дейін қысқартып тастағанына ренжіп, президентке үндеу жолдаған. Спорт министрлігіндегілер шұғыл түрде журналистерді жинап, чемпиондар «тым еркелеп кетті» деп сынаған. Бибісара болса шахматты басымдыққа ие спорт түрлерінен шығарып тастаған министрін «бағытынан адасқан» деп сөккен.

Сондай-ақ оқыңыз