Lifestyle

Заттыбек Көпбосынұлы алыстап кеткен ағайындарының басын қосты

Фото: instagram.com/zattybek, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
Фото: instagram.com/zattybek, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы бірін-бірі танымай кеткен ағайындарының басын қосты.

Ондағы мақсат – әулет адамдарының саяқ жүрмей, бауырлардың бірін-бірін тануы. Ағайын болып араласуы.

«Айында көрмесе, ағайын жат, жылында көрмесе, жекжат жат» деген. Артымда тұрғандардың бәрі өзімнің інілерім. Бір әулет, бір ағайын. Бәрі жастай үйленіп, жан-жақта, отбасы – ошақ қасымен, тұрымтай тұсы, балапан басымен, бір-бірін танымай, бір-бірін көрмей жүргендерін білемін. Солардың бастарын қосып, таныстырып, ағайын екенімізді, бауыр екенімізді білдіріп, бас қосуға шақырған дастархан», – деді Заттыбек Көпбосынұлы.

Үлкен отбасылық бас қосу көңілді өтті. Көптен көрмей кеткен ағайын-туыстар арқа-жарқа болып табысып, танысып, би билеп, той тойлап қайтты.

Заттыбек Көпбосынұлы – әнші, композитор, әрі орындаушы. «Ақмаржан»  «Немерем», «Бүлдірген» әндерімен Қазақстанда танымал болған еді.  

Заттыбек Көпбосынұлы және бірқатарәншілер Айгүл Иманбаева ұлының үйлену тойы мен немересінің тұсаукесерде ән шырқап, көзге түскен еді.