Зейнетақы аннуитеті қордағы артық ақшаны шығарып алудың жолы ма

Жарияланды
SMM бөлімінің жетекшісі
Business news бөлімінің редакторы
Зейнетақы аннуитетін рәсімдеу тиімді ме / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Зейнетақы аннуитеті зейнетақы жинағының жеткілікті шегін айналып өтіп, қордан қаржы алудың жолы емес. Аннуитетті тиімді рәсімдеу үшін зейнетақы қорына жекілікті қаржы, еңбек өтілі мен нақты талаптарға сай келуің керек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаевтың айтуынша, бұл заңдағы «саңылау» емес, көптен бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан ресми тетік. Алайда оны кез келген адам пайдалана алмайды. Себебі аннуитетті рәсімдеу үшін азаматтың белгілі бір еңбек өтілі (стажы) және зейнетақы шотында қомақты жинағы болуы шарт.

Осы ретте Еңбек министрлігі Ұлттық банкпен бірлесе отырып, осы мәселені жіті зерттеген. Қазіргі уақытта зейнетақы аннуитетіне қатысты қандай да бір қосымша шектеу енгізу жоспарда жоқ.

Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын 5,8 триллион теңге шығарып алған. Бұл мүмкіндікті 35 жасқа дейінгі жастар өте белсенді пайдаланған.

5 маусымда зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өзгеріп, бірден 79 пайыздан екі есеге дейін өсті. Соған сәйкес, зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу үшін 20 жастағы жігіттің шотында кемі 6 млн 670 мың теңге жиналуы керек болса, 40 жастағы азаматтың зейнетақы жинағы 13 млн 370 мың теңге болуы шарт. 

Сондай-ақ оқыңыз