Айсұлтан Сейітов «Қайрат» футбол клубы туралы деректі фильм түсірді

«Қайрат» футбол клубы мен режиссер Айсұлтан Сейітовтің командасы жанкүйерлер үшін ерекше жобаны таныстырды. Клубтың 2025 жылғы маусымдағы тарихи жетістігіне арналған «ФК Қайрат: Бір команда – бір жүйе» атты деректі сериалының ресми постерлері жарияланды.
Сериал не туралы?
Бұл туынды «Қайраттың» Чемпиондар лигасына жолдама алып, бүкіл елді дүр сілкіндірген сәттерінің шымылдық артындағы құпияларын ашады. Түсірілім тобы команданың ең күрделі әрі жауапты кезеңдерін таспалап үлгерген. Жеребе тарту сәтінен бастап, Астанада өткен соңғы шешуші ойынға дейінгі жол. Футболшылар мен клубтың көрермен көзінен тасада қалған ішкі тыныс-тіршілігі мен эмоциясын сол картинадан көруге болады.
Жобаның креативті продюсері: Айсұлтан Сейітов, режиссері: Ханзат Кеңес
Сериалдың премьерасы биыл шілде айында тек қана Freedom media платформасында эксклюзивті түрде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Төреғали Төреәлі Дастан Сәтбаевқа ән арнаған еді.