«ҚазТАГ» бас редакторы Әмір Қасенов аштықты тоқтатты

Жарияланды
голодовка Касенова
фото: Серикжан Ковланбаев

«ҚазТАГ» агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов аштықты тоқтатты. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілі Гүлжан Әбдіғалиеваның хабарлауынша, Қасенов 26 маусымнан бастап тергеу изоляторында тамақ іше бастаған.

Сөзінше, қазір Қасенов дәрігерлердің бақылауында.

«26 маусымда ол тамақ ішу туралы жазбаша өтініш жазды. Қазір тергеу изоляторында тамақ ішіп жатыр. Өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», – деді Гүлжан Әбдіғалиева.

Айта кетейік, Әмір Қасенов 2026 жылдың 15 маусымында Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында аштық жариялаған . Бұған судья Ернар Қасымбековтің журналиске қатысты бұлтартпау шарасын үйқамақтан қамауда ұстауға өзгерту туралы шешімі себеп болды.

Прокуратура бұлтартпау шарасын қатаңдатуға Қасеновтің өзіне қойылған шектеулерді бірнеше рет бұзғаны себеп болғанын мәлімдеді. Ол 2 және 15 маусымда интернетте екі рет видеоүндеу жариялаған және 11 маусымдағы сот отырысына келмеген. Тергеу изоляторына қамалатынын білген соң Қасенов аштық жариялаған. Алайда көп ұзамай әлеуметтік желіде Әмір Қасеновтің су ауруханада су ішіп отырған сәтінде түсірілген фото тарады.

Айта кетейік, 19 маусымда Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қасеновтің жағдайы тұрақты екенін және өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

Алматының Алмалы аудандық сотында 15 маусымда «ҚазТАГ» пен «Фридом Финанс» ісі бойынша сот процесі басталды. Содан кейін Әмір Қасеновке қатысты бұлтартпау шарасы үйқамақтан қамауға алуға өзгертілді. Қасенов сол кезде аштық жариялағанын мәлімдеді. Кейіннен әлеуметтік желілерде Әмір Қасеновтің су ішіп отырған фотосуреті де тарады.

22 маусымда судья Ернар Қасымбеков Әмір Қасеновтің денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына қатыса алмағанына сүйеніп, істі 29 маусымға ауыстырды.

Сондай-ақ оқыңыз