Экономика

«Самұрық-Қазына» тағы 1 млрд доллар қарыз тартпақ

Эксперт усомнился, что сокращения в «Самрук-Казына» приведут к реальным реформам.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ірі көлемде облигация орналастырады / фото: Kursiv Media

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бүгін AIX алаңында 1 жылдық облигация орналастырмақ. Шығарылым көлемі – $1 млрд, купондық мөлшерлемесі – жылына 3,18%.

Экономист Арман Батаевтың мәліметінше әзірге бұл облигациялардың толық шарттары AIX сайтында жарияланбаған.

2026 жылғы 15 мамырда «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі $2 млрд көлемінде облигация орналастыру туралы шешім қабылдаған еді. Сондықтан ертеңгі шығарылым сол шешімнің бір бөлігі болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 22 маусымда қор директорлар кеңесі қытай юанімен облигация шығару туралы шешім қабылдады. Оның көлемі – 3 млрд юань, бұл шамамен $440 млн.

Айта кетейік, 2026 жылғы 5 мамырда «Самұрық-Қазына» AIX алаңында $1 млрд көлемінде алты айлық облигация орналастырған. Ол кезде купондық мөлшерлеме жылына 3,9% болған.

Ал келесі күні QazaqGaz та AIX арқылы $1 млрд облигация шығарды. Оның мерзімі – 1 жыл, мөлшерлемесі – жылына 5,5%. Бұл қаражат Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салуға тартылған.