Тоқаев зілзаладан зардап шеккен Венесуэла халқына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қуаты 7,5 балдық жойқын зілзаладан зардап шеккен Венесуэла халқына көңіл айтты.
Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін», – делінген жеделхатта.
Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда таңертең Латын Америкасындағы Венесуэлада екі жойқын зілзала болды. Ресми мәлімет бойынша, табиғат апатынан кем дегенде 235 адам қаза тауып, 4,5 мың адам жараланды.