Үкімет биыл инфляция деңгейін 10%-дан төмен түсіруге уәде берді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Үкімет биыл елдегі инфляция деңгейін 10%-ға төмен түсіруге ниетті. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

«Өткен жылы қыркүйек айында инфляция 12,9%-ға жетті. Қазір Үкімет, Ұлттық банк және басқа да мүдделі құрылымдар қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде осы жылдың бес айында инфляция көрсеткіші 10,4%-ға дейін төмендеді. Біз қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша жақын арада инфляцияны 10%-дан төмен түсіруді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар премьер-министр нақты халық табысы өскен салаларды атап өтіп, ары қарай экономиканың барлық салаларындағы кіріс өсуі үшін нақты шаралар қабылдайтынын айтты.

«Мысалы, ауыл шаруашылығында ауылдағы жұмысшылардың нақты табысы 9,3%-ға өсті. Сауда, байланыс, сумен жабдықтау, энергетика сияқты салаларда кірістер бағытына байланысты орта есеппен 4%-ға өсті, көлік саласында бұл көрсеткіш 5-тен 10%-ға дейін артты. Жекелеген салаларда оң динамика бар. Біз халықтың нақты табысының көрсеткіштері экономиканың бүкіл салаларында өсуі үшін барлық шараларды қабылдайтын боламыз», – деп атап өтті премьер-министр.

Қазір елдегі инфляция деңгейі – 10,4%. Бұған дейін Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшылары Қазақстан инфляция деңгейін төмендету үшін мемлекет шығынын шектеу қажет деген кеңес берген еді.

Тағы да оқыңыз: Қазақстан әлемдегі инфляциясы жоғары 20 елдің қатарына енді

Сондай-ақ оқыңыз