Ұлттық банк «тегін фото түсіріп беремін» деушілерден сақ болуға шақырды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
кредиты
Ұлттық банк сақ болуға шақырды/ shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Ұлттық Банк алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлап, қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

Алаяқтар бұл жолы азаматтың телефонын алып, жеке деректерін білуге тырысады. Ол үшін әуежай, теміржол және автовокзал маңы сияқты халық көп жиналатын орындарды таңдайды.

Алаяқтар «шұғыл қоңырау шалу керек еді» деген сылтаумен көшедегі адамның ұялы телефонын сұрап алуы мүмкін. Осы сәтте банк қосымшалары арқылы ақша аударып үлгеруі немесе құрылғыны қашықтан басқаруға арналған HopToDesk, RustDesk, RuDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты бағдарламаларды байқатпай орнатып жіберуі ықтимал. 

Мұндай бағдарламалардың көмегімен алаяқтар азаматтың телефонын қашықтан басқаруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, заңға қайшы әрекет жасап, SMS-кодқа, мобильді қосымшаларға, мемлекеттік электрондық сервистерге және дербес деректерге оңай қол жеткізеді. 

Көшеде «тегін фото немесе видео түсіріп беремін» деген желеумен азаматтардың биометриялық деректерін жинайтын алаяқтардың әрекеті де үлкен қауіп төндіріп тұр. Олар өз кәсібін жаңадан бастаған фотограф немесе мобилограф ретінде таныстырып, «портфолио жинап жүрмін» деген сылтаумен қызметін тегін ұсынған болады. Осылайша қолға түскен фото-видеоматериалдарды кейін жасанды интеллект көмегімен дипфейк жасау үшін қолдануы мүмкін.

Азаматтар бейтаныс адамға телефон бермегені жөн.

Бұған дейін мамандар киберқылмыскерлер қолданатын 18 жаңа әдісті анықтады

Сондай-ақ оқыңыз