Қырғызстанда оқу жылы екі апта кеш басталады

Қырғызстанда жаңа оқу жылы 15 қыркүйектен басталады. Бұл туралы елдің Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай шешім Қырғызстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің саммитін өткізуге, сондай-ақ Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығын мерекелеуге байланысты қабылданған.
Енді мектептердегі бағдарламаларды толық орындау үшін оқу процесін ұйымдастыруға өзгерістер енгізіледі. Жоғары сыныптар үшін оқу жылы ішінде қосымша сегіз оқу сенбісі ұйымдастырылады. Сенбі күнгі сабақтар шамамен айына бір рет өткізіледі деп жоспарланған.
Сабақтардың нақты қай сенбі күндері өткізілетіні туралы мәселені мұғалімдер мен ата-аналардың ұсыныстарын ескере отырып шешуі керек.
Қазақстанда да жаңа оқу жылына тағы бір өзгеріс енгізілмекші. Министр Жұлдыз Сүлейменова оқушылар сабақ үстінде телефон ұстай алмайтынын айтты.