Шығыс Қазақстан облысында жаңа теміржол вокзалдары пайдалануға берілді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Көлік министрлігі

Шығыс Қазақстан облысында Риддер және Шемонаиха теміржол вокзалдары пайдалануға берілді деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Вокзал ғимараттарының қасбеттері мен ішкі бөлмелері, инженерлік желілер, жолаушылар платформалары және іргелес аумақ толық жаңаланған. Заманауи жабдықтар мен жиһаз орнатылып, қызмет көрсету сапасы артты.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Финтек-Астана» ЖШС мен «QK SUNQAR» ЖШС жүзеге асырды. Жаңғыртудан кейін Риддер вокзалының жалпы ауданы 471 шаршы метрді, ал Шемонаиха вокзалының ауданы 230 шаршы метрге ұлғайды. Екі вокзал да Шығыс Қазақстан облысының маңызды көлік нысандарының бірі деп саналады.

Жалпы шығыста қазір бағдарлама аясында бес теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Еліміз бойынша теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары әлі де жалғаса береді. Биылғы 1 шілдеге дейін республика бойынша 30 жаңғыртылған вокзалды пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз