Өзбекстан 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатынан шығып қалды

Өзбекстан құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады.
28 маусымда өткен ойында Өзбекстан Конго Демократиялық Республикасы құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ойын АҚШ-тың Атланта қаласындағы стадионда өтті. Матчқа германиялық Феликс Цвайер бас төреші болды.
Кездесудің 10-минутында Аббосбек Файзуллаевтың нәтижелі пасынан кейін Эльдор Шомуродов есеп ашып, Өзбекстанды алға шығарған болатын. Алайда бұл жеңіске жетуге жеткіліксіз болды. Африкалық ұжым сапынан Йоан Висса екі мәрте мергендік танытса, тағы бір голды Фистон Майеле соқты. Осы жеңістің арқасында ДР Конго 4 ұпаймен К табында үшінші орын алып, ӘЧ-2026 турнирінің 1/16 финалына жолдама алды.
Өзбекстан ұлттық құрамасы елге қайтады. Бұл команда үшін тарихтағы алғашқы дебюттік чемпионат болды. Алғашқы екі турда Өзбекстан Колумбиядан 1:3 есебімен ұтылып, Португалиядан 0:5 есебімен ойсырай жеңілген еді.