352 мың теңгенің ізі: қазақстандықтардың негізгі шығыны қандай

2026 жылдың I тоқсанында Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығыс 352,9 мың теңге болды. Оның басым бөлігі азық-түлікке жұмсалған: жалпы үлесі 48,6% немесе шамамен 171,5 мың теңге.
Шығыстың негізгі суреті
2026 жылдың I тоқсанында Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығыс 352,9 мың теңге болды. Шығыстың ең ірі бөлігі азық-түлікке тиесілі, одан кейін қызметтер мен азық-түлік емес тауарлар келеді.
Ақшалай шығыс құрылымы
Қазақстан Республикасы бойынша, пайызбен
Табыс пен шығыс салыстыруы
Тоқсандағы халықтың орташа жан басына шаққанда, теңге
Жалпы ақшалай шығыстың 48,6%-ы азық-түлікке, 21,7%-ы қызметтерге, 19,9%-ы азық-түлік емес тауарларға жұмсалған. Кредит пен қарызды өтеу үлесі 7,6% болды.
Негізгі көрсеткіштер
Республика бойынша орташа мәндер
Екінші ірі бағыт - ақылы қызметтер. Республика бойынша қызметтерге 76,4 мың теңге жұмсалып, жалпы шығыстың 21,7%-ын құрады. Бұған коммуналдық төлем, байланыс, көлік, білім, медицина және басқа да күнделікті қызметтер кіреді.
Азық-түлік емес тауарларға 70,3 мың теңге кеткен. Бұл жалпы ақшалай шығыстың 19,9%-ы. Яғни киім-кешек, тұрмыстық заттар және басқа тауарлар отбасы бюджетінде азық-түлік пен қызметтерден кейінгі үшінші ірі бағыт болып отыр.
Кредит пен қарызды өтеуге орта есеппен 26,7 мың теңге жұмсалған. Оның үлесі 7,6%. Бұл көрсеткіш қарыз жүктемесінің халық шығынында бөлек әрі тұрақты бапқа айналғанын көрсетеді.
Жалпы алғанда, қазақстандықтардың шығынында негізгі қажеттіліктердің үлесі жоғары. Азық-түлік, қызметтер және күнделікті тауарларды қоса алғанда, бүкіл ақшалай шығыстың 90%-дан астамы кетеді.
Тағы да оқыңыз: Қазақстанда келесі бюджетті қалыптастыратын кезде ең төменгі жалақыны өсіру туралы мәселе қарастырылады.