Әлем чемпионаты: 29 маусым күні кімдер ойнайды

Футболсүйер қауым үшін нағыз тартысты күндер басталды. Әлем чемпионатының плей-офф кезеңі аясында алдағы күндері бірнеше маңызды кездесу өтеді.
Бразилия мен Жапония текетіресі
29 маусым күні сағат 22:00-де Хьюстондағы зәулім «Эн-Ар-Джи» (NRG Stadium) стадионында Бразилия мен Жапония құрамалары кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде Кот-д’Ивуар немесе Норвегия құрамаларының бірімен күш сынасады.
Ойынды «Qazsport» және «Qazaqstan» телеканалдары тікелей эфирде көрсетеді.
30 маусым, сейсенбіге қараған түні плей-офф кезеңінің келесідей маңызды матчтары жоспарланған
- 01:30 – Германия 🇩🇪 vs Парагвай 🇵🇾
- 06:00 – Нидерланд 🇳🇱 vs Марокко 🇲🇦
- 22:00 — Кот-д’Ивуар 🇨🇮 vs Норвегия 🇳🇴
Дәл осы Кот-д’Ивуар мен Норвегия арасындағы ойынның жеңімпазы Бразилия – Жапония матчының үздігімен кездесетін болады.
Еске сала кетейік, 1/8 финалына алғашқы болып Канада құрамасы шыққан еді. Канадалықтар енді Нидерланды – Марокко ойынындағы жеңімпазымен кездеседі.