Lifestyle

Алтынай Жорабаева Түркиядағы ең қымбат тұрғын үйден пәтер сатып алды

фото: instagram.com/altynaizhorabayeva, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
фото: instagram.com/altynaizhorabayeva, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алтынай Жорабаева Түркияның Алания қаласынан ең мықты бизнес класс пәтер сатып алды.

Туристік шаһардың Махмутлар ауданындағы Кингдом премиум деп аталатын тұрғын үйдің 3 бөлмелі пәтері қазақстандық әншіге бұйрып отыр. Ғимарат бес блоктан тұрады.

Бұл аудандағы ең арзан пәтерлердің бағасы 185 мың доллардан басталады.

«Пәтерімізді қабылдап алуға келдік. Алдында макетін көрсеткен едім. Аланиядағы ең мықты бизнес класстағы тұрғын үй деп бәрі айтады. Меніңше, тек Алания ғана емес, бүкіл Түркиядағы ең мықтысы сияқты. Қаншама тұрғын үйлердің фотосы мен видеоларын қарап шықтым. Кингдом ерекше. Екінші қабаттан алдым. Біздің тереземізден қарағанда, аквапарк бар», – деді әнші.

Алтынай Жорабаева пәтерге ие болғанына қатты қуанғанын жасырмады.  Айтуынша, тұрғын үйде хамам, бассейн, супермаркет және басқа да жайлар орналасқан. Әнші заманауи, сәнді әрі кең сарайдай пәтерін жиһазбен толтыруға тапсырыс бергелі отырғанын айтты.

Мұның алдында Алтынай Жорабаева қызын ұзатқалы жатқанын хабарлаған болатын.