
Әнші Жігер Ауыпбаев екінші рет өзінен 15 жас кіші қызбен шаңырақ көтеріп, сынға қалды. Әншінің қуанышына ақ тілек арнағандармен қатар, ұзату тойдың видеоларын қарап, түрлі болжам жасағандар да көбейді. Әсіресе, желі қолданушыларының арасында келіннің аяғы ауыр болуы мүмкін деген қауесет қызу талқыға түсті.
Көпшіліктің бұл күдігіне әншінің жары Мумина Instagram парақшасында жауап беріп, ресми мәлімдеме жасады.
«Адамның алдында ақталмаймын»
Таралған қауесеттер мен хэйтерлердің сынына байланысты Мумина жағалауда түскен романтикалық суретін жариялап, үстіне «Текті қыз некесіз жүкті болмайды» деп сөз жазды.
Ол өзіне қатысты айтылған алыпқашпа әңгімелерді толықтай жоққа шығарып, көпшілік алдында ақталуды қажет деп санамайтынын жеткізді.
«Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза! «Жүкті болып тұрмысқа шыққан» деген секілді өз ақыретіне бейжай қарайтын хэйтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қандай амалға толтырсаңыздар да, өздеріңіз білесіздер. Ал бізге шынайы бақыт тілеп жатқан жандарға алғысым шексіз», – деп жазды.
Желі қолданушыларының реакциясы
Муминаның бұл жазбасы оқырман арасында үлкен қолдауға ие болды. Желі қолданушылары небәрі бір күн ішінде 19,7 мыңнан астам лайк басып, 1700-ден астам пікір қалдырған. Оқырмандардың басым бөлігі жас жұбайларға бақыт тілеп, желідегі негізсіз сындарға мән бермеуге шақырды.
Еске сала кетейік, әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші бойжеткенге үйленгенін жариялаған. Сонымен қатар жақында «Кішкентай қыз» атты жаңа әні мен бейнебаянын тыңдарманға ұсынған еді