Маңғыстауда екі жас жігіт теңізге батып кетті

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Ақтау маңында екі жас жігіт теңізге батып кетті
Теңіз жағалауындағы құтқарушылар / фото: Lada.kz, куәгерлер түсірген сурет

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы «Көгілдір шығанақ» маңында екі жас жігіт Каспий теңізіне батып кетті. Бұл туралы жергілікті «Лада» басылымы хабарлайды.

Облыстық полиция мәліметінше, қайғылы оқиға 26 маусымда кешкі сағат 20:40 шамасында болған. «Көгілдір шығанақ» Ақтау қаласынан 64 шақырым жерде орналасқан.

Құтқарушылар 2001 жылы туған екі жігіттің денесін теңізден алып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, олар тыйым салынған жерде суға түсіп, теңізге батқан.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар басқармасы суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Арнайы рұқсат етілген аймақтарда ғана суға түсуге болады. Толқын күшейген уақытта теңізге кіру қауіпті.

Өткен аптада ғана 1999 жылғы ер азамат Каспий теңізіне батып кеткен. Оны іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылған.

Сондай-ақ оқыңыз