«ҚазТАГ» ісі прокурорға қайтарылмайтын болды

Алматының Алмалы аудандық сотында «ҚазТАГ» пен «Фридом Финанс» ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. 2026 жылдың 29 маусымында сотталушылардың адвокаттары істі прокурорға қайтаруды сұрап өтінішхат жолдады.
Істі қарап жатқан судья Ернар Қасымбеков процесс басталған кезде тараптардың қандай да бір өтінішхаты бар-жоғын нақтылады.
«ҚазТАГ» ХАА бас редакторы Әмір Касеновтің адвокаты Акромат Мұхтаров қылмыстық іс бойынша алдын ала сот талқылауын өткізуді, сондай-ақ істі прокурорға қайтаруды сұрады.
Істі қарап жатқан судья Ернар Қасымбеков тараптардың пікірін тыңдап, қорғау тарабының бұл өтінішхатын қанағаттандырмады.
Айта кетейік, сот процесі бұған дейін де бірнеше рет кейінге қалды. 22 маусымда сот отырысы сотталушы Әмір Қасеновтің сот залына келе алмауына байланысты өтпеді. Оның алдында Қасенов аштық жариялап, өзіне қатысты бұлтартпау шарасының қатаңдағанына келіспейтінін мәлімдеген. Әмір Қасенов аштықты 26 маусымда тоқтатты.
«ҚазТАГ» пен «Фридом Финанс» арасындағы дау қалай басталғанын мына жерден оқи аласыздар.