Lifestyle

«Той жасай ма»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі қалыңдық көйлегін таңдап жүр

Фото: instagram Коллаж: Kursiv.media

Желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айманның ақ көйлек киіп түскен видеолары мен суреттері тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Желіні шулатқан сторис

Айман өзінің Instagram парақшасындағы сторис бөліміне қалыңдық көйлегін таңдап жатқан сәттерінен бірнеше видео жүктеген Суреттерде оның үйлену тойы көйлектерін киіп, айна алдында суретке түсіп жатқанын көруге болады. Тіпті, кадрлардың бірінде Айманның «басқа фата керек сияқты» деп жазып қойғаны байқалады.

Оқырмандардың реакциясы

Бұл жаңалық желі қолданушылары мен оқырмандар арасында үлкен қызығушылық пен түрлі қауесет тудырды. Көпшілік тарапынан әртүрлі пікірлер жазылып жатыр.

«Ойбай, той жасағалы жатыр ма?», «Ақыры ақ көйлек киіп алыпты ғой», «Тұрсынбек енді той жасауға ұялмай ма?»

Әзірге Тұрсынбек Қабатов пен оның жары тарапынан бұл жайтқа қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Тұрсынбек бірінші әйелімен қосылып кетіпті» деген қауесет тараған еді.