Уимблдон-2026: 29 маусым күні Қазақстан атынан кімдер шығады

Бүгін, 29 маусымда, Лондонда теннистен әлемдегі ең беделді бәсекелердің бірі – «Уимблдон» турнирі басталады. Дүбірлі доданың алғашқы күнінде отандық теннис жанкүйерлерін тартысты кездесулер күтіп тұр. Қазақстан атынан бүгін кортқа екі спортшы шығады.
Қазақстандық теннисшілердің кестесі
Юлия Путинцева (WTA: 84): Қазақстандық теннисші Германия өкілі Татьяна Марияға қарсы ойнайды. Матчтың тікелей эфирі сағат 17:00-де басталады.
Ерлер арасындағы бәсекеде Александр Шевченко Канада спортшысы Феликс Оже-Альяссиммен күш сынасады. Бұл кездесу сағат 18:30-ға жоспарланған.
Халықаралық матчтар
Сонымен қатар бүгінгі ойын күні сағат 15:00-де АҚШ спортшысы Джессика Пегула мен Чехия өкілі Дарья Видманова арасындағы кездесу де тікелей эфирде көрсетіледі.
Барлық кездесуді «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирде көрсетеді. Ал ертең 30 маусым күні Қазақстанның қос бірінші ракеткасы Алеесандр Бублик пен Елена Рыбакина алғашқы ойындарын өткізеді.