Жыл басынан бері Қазақстанға 3 миллион шетелдік турист келді

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 3 млн турист келген. Ал шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,47 млн адамға жетті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға 15,7 млн шетелдік саяхатшы келген, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға көп.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, туристердің көбі Өзбекстаннан келеді. Мәселен, 3 ай ішінде елге 1,1 млн саяхатшы келген. Одан кейінгі орындарға Қырғызстан (723,5 мың адам) мен Ресей (564,7 мың адам) жайғасты.
2026 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 4 505 орналастыру орны (қонақ үйлер, отельдер, демалыс базалары және басқа да орналастыру құралдары) жұмыс істеді. Бір жыл ішінде олардың саны 192 нысанға көбейді.
Қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарына 2 млн қонақ тоқтаған, оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарын таңдаған.
Ең танымал курорттық бағыттардың қатарына Алматы тау кластері (509,3 мың келуші), Шортанды-Бурабай курорттық аймағы (116,7 мың адам), Маңғыстау курорттық аймағы (53,3 мың адам), Түркістан туристік аймағы (39,4 мың адам), Алтай курорттық аймағы (30,3 мың адам) кірді.
Айта кетерлігі 2026 жылдың бірінші тоқсанында орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 69,4 млрд теңгеге жетіп өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға көп болды.
2025 жылы Алматы облысына Алматы облысына 147 мың шетел турисі келді. Олардың басым бөлігі – Қытай азаматы.