Алматыда шетелдіктерден 150 доллар алған такси жүргізушісі жазаланды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда шетелдіктерден 150 доллар алған такси жүргізушісі жазаланды / Фото: Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Үндістаннан келген туристер әуежайдан Алматының жоғарғы бөлігіне дейін таксимен жету оларға 150 долларға түскеніне шағымданды.

Алданған шетелдіктерге ақшаны қайтаруға Алматының Бостандық ауданының полицейлері көмектесті. Туристер жүгінгеннен кейін полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін жедел анықтады.

«Заңсыз алынған ақшалай қаражат шетел азаматтарына толық көлемде қайтарылды. Жүргізушіге қатысты шешім қабылдау үшін іс әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберіледі», – деп хабарлады полициядан.

Құқық қорғаушылар жолаушылардың, соның ішінде қаланың шетелдік қонақтарының есебінен заңсыз баюдың кез келген әрекетіне принципті құқықтық баға берілетінін еске салды.

Қала тұрғындары мен туристерге ескерту жасалды. Егер сіз заңсыз әрекеттердің құрбаны болсаңыз, дереу 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласуыңыз қажет.

Сондай-ақ оқыңыз