Алматыда тұраққа қойылған Lexus көлігінің үстіне ағаш құлады
Жарияланды
(жаңартылды )

Алматыда полиция ағаштың автомобиль үстіне құлау мән-жайын анықтап жатыр. Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға күндіз Алмалы ауданында орын алған.
Ағаштың құлауынан машинаға механикалық зақым келген. Оқиға кезінде автомобиль салонында адамдар болмаған.
Ешкім зардап шекпеді.
«Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті, факт тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады», – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында екі автокөліктің үстіне ағаш құлап, әйел адам қаза тапқанын жазған едік.