Халықаралық станцияға ұшатын үш ғарышкер Байқоңырға келді (видео)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
үш ғарышкер
Халықаралық ғарыш станциясына ұшатын үш ғарышкер / фото: Роскосмос

«Союз МС‑29» кемесінің экипажы 29 маусымда Байқоңырға жетті. Олардың қорытынды дайындығы ғарыш қалашығында өтеді, деп хабарлайды «Роскосмос».

NASA ғарышкері Анил Менон, «Роскосмостың» екі ғарышкері Пётр Дубров пен Анна Кикина дүйсенбі күні Байқоңырға келді. Олар 14 шілдеде айлақтан ғарышқа ұшады.

Оларды алмастыра алатын үш ғарышкер де Қазақстанға жетті. Қосалқы экипаж құрамында NASA ғарышкері Дениз Бёрнхем, «Роскосмос» өкілдері Дмитрий Петелин мен Константин Борисов бар.

Осыған дейін олардың бәрі Ресейде Ғарышкерлерді дайындау орталығында шеберлігін пысықтаған.

«Союз МС‑29» кемесі үш ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз