Экономика

Ұлттық қор активтері 66 млрд доллардан асты: өсім қайта жанданды

Ұлттық қор көлемі артып келеді / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстан Ұлттық қорының валюталық активтері 2026 жылғы мамырда 66 млрд доллардан асты. Бұл – кейінгі 17 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Бір ай бұрын қордағы актив көлемі 64,8 млрд долларды құраған.

Ұлттық банк дерегіне қарасақ, Ұлттық қор жыл басынан бері баяу болса да өсім келеді. 2025 жылғы желтоқсанда қор активтері 63,9 млрд доллар болса, 2026 жылғы мамырда 66,0 млрд долларға жетті. Яғни бес айда шамамен 2,1 млрд долларға көбейді.

Ұлттық қор

Ұлттық қор активтері 66 млрд доллардан асты

2026 жылғы мамырда Қазақстан Ұлттық қорының валюталық активтері 66,0 млрд долларға жетті. График қор активінің 2025 жылғы қаңтардан бергі қозғалысын көрсетеді.

2025 қаңтар — 2026 мамыр

2025 жылғы қаңтар

58,5 млрд $

кезең басындағы көрсеткіш

2026 жылғы мамыр

66,0 млрд $

соңғы қолжетімді дерек

Кезең ішіндегі өсім

+7,6 млрд $

2025 қаңтармен салыстырғанда

млрд $ 68 66 64 62 60 58 56 01.25 — 58,5 млрд $ 02.25 — 58,9 млрд $ 03.25 — 57,9 млрд $ 04.25 — 58,0 млрд $ 05.25 — 59,6 млрд $ 06.25 — 60,3 млрд $ 07.25 — 60,5 млрд $ 08.25 — 61,7 млрд $ 09.25 — 62,7 млрд $ 10.25 — 63,4 млрд $ 11.25 — 63,7 млрд $ 12.25 — 63,9 млрд $ 01.26 — 64,8 млрд $ 02.26 — 65,6 млрд $ 03.26 — 62,4 млрд $ 04.26 — 64,8 млрд $ 05.26 — 66,0 млрд $ 66,0 млрд $ 01.25 05.25 09.25 01.26 05.26

Дерек: Ұлттық қордың валюталық активтері, млн доллар. Графикте мәндер млрд долларға айналдырылып көрсетілді.

2025 жылдан бері қор 7,6 млрд долларға өсті

2025 жылғы қаңтарда Ұлттық қордың валюталық активтері 58,5 млрд доллар болған. 2026 жылғы мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 7,6 млрд долларды құрайды.

Бұл жерде басты тренд – қор активтерінің біртіндеп көбеюі. 2025 жылдың көктемінен бастап көрсеткіш 60 млрд доллардан асып, кейін 63–64 млрд доллар дәлізінде тұрақтады. Ал 2026 жылдың мамырында жаңа межеге шықты.

Алайда динамика бірқалыпты болған жоқ. 2026 жылғы наурызда Ұлттық қор активтері 62,4 млрд долларға дейін азайды. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 4,9% аз.

Алайда кейінгі екі айда көрсеткіш қайта өсті. Сәуірде актив көлемі 64,8 млрд долларға, мамырда 66,0 млрд долларға жетті. Тек мамыр айының өзінде өсім 1,2 млрд доллар болды.

Тағы да оқыңыз: Ең ірі салық төлеуші 50 компания анықталды.