Жоғарғы сот Трампқа қарсы: Мигранттардың балалары азаматтық алу құқығына ие

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Трамп
АҚШ-та мигранттардың балалары азаматтық алу құқығы расталды / Фото: shutterstock

АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың жарлығының күшін жойып, туу құқығы бойынша азаматтық алу құқығын растады, деп хабарлайды CNN.

Трамптың туу құқығы бойынша азаматтықты жою туралы жарлығына қарсы алты судья дауыс берсе, қолдап үш судья шықты.

Президент Дональд Трамптың адвокаттары алға тартқан басты уәждердің бірі – АҚШ Конституциясына енгізілген 14-ші түзету туу құқығы бойынша азаматтық алмас бұрын, адамның Америка Құрама Штаттарында тұрақты тұрғылықты жері болуын немесе сонда қалу ниетінің болуын талап етеді дегенге саяды.

Көпшіліктің атынан сөз сөйлеген Жоғарғы соттың төрағасы Джон Робертс бұл уәжді қабылдамады. Ол азаматтықты «құқықтарға ие болу құқығы» деп атап, 14-ші түзетуді жасаушылар бұл уәдені «осы елдегі әрбір туған адамға» бағыттағанын атап өтті.

Сот шешімі Конституцияның кез келген Америка Құрама Штаттарында туған адам, тіпті оның ата-анасы ел азаматы болмаса да, сол елдің азаматы бола алады деген нормасын күшінде қалдырады.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі тағы 36 елдің азаматтарына Құрама Штаттар аумағына кіруге тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз